Диплом қорғау және жұмыспен қамту мәселелері сөз болды

АСТАНА. 4 Алматы қаласындағы жаңа технологиялар колледжінде диплом жұмыстарын қорғау ашық түрде өтті. «Техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автомобиль көлігін пайдалану»  факультетінің түлектері алған білімдерін дәлелдеді.Осы шараға өңірге барған сапарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Гүлмира Исимбаева қатысты.

Оқу орнының әр түлегі өзінің дипломдық жұмысын көрнекі құралдар арқылы көрсетті. Атап айтқанда, модельер түлектер спорттық және ұлттық тағы басқа киім үлгілерінің жаңа топтамаларын таныстырды.

Дипломдық жұмыс жобасын қорғаудың қорытындылары шығарылған соң, жұмыс берушілер түлектерге шақыруларын жария етті.

* * *

Осы күні депутат Г.Исимбаева Түркісіб ауданында болып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен кездесті. Онда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына қатысты мәселелер талқыға салынды.

Кездесу барысында депутат аталған бағдарламаның жүзеге асуы туралы айтып берді. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің жаңа шақырылымында талқыға салынған микроқаржы ұйымдары туралы, жастар саясаты туралы заң жобалары және зейнеткерлік жасқа қатысты өз пікірін білдірді. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы бойынша еліміздің азаматтары үшін бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөнінде айтып берді.

Одан кейін депутат жұмыспен қамту, зейнетақы және басқа да әлеуметтік мәселелерді қамтыған азаматтардың жеке сұрақтарына жауап берді. «Түркісіб ауданы мүгедектері қоғамының» төрағасы Д.Жүнісбаевтың мүгедектер үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы көлемін ұлғайту туралы өтінішін қарау үшін қабылдап алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе