Назарбаев Университеті алдағы уақытта елдің басқа да университеттері алмаса алатын тәжірибе құра алатынына сенімдімін - ОҚМУ студенті

ШЫМКЕНТ. 5 Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың интерактивті дәрісін тыңдады.Университеттің акт залы мен мекеменің кабинеттерінде үлкен экран орналастырылды. Студенттер мен оқытушылар Мемлекет басшысы айтқан маңызды мәелелерге құлақ тұріп, қажетті мағлұматтарды жазып алды.

ОҚМУ жастар істері комитетінің төрағасы Береке Дүйсебеков дәрістен кейін өз пікірімен бөлісті: «Президенттің 1990 жылдармен және ағымдағы жылмен білім саласындағы жағдайды салыстыра отырып, жақсы талдау жасағаны ұнады. Президент нақты міндеттер мен тапсырмаларды айқындап берді. Енді біз оларды іске асыруымыз қажет».

Жоғары оқу орнының студенттік ректоры Нұрсұлтан Дүйсенбаев та Елбасының сөзіне өз пікірін білдірді. «Болашақ жастардың қолында. Мемлекет басшының дәрісінде Кембридж университетімен салыстырулар болды, біз әлі де ұмтыла түсуге тиіспіз. Дегенмен біз әлі жас мемлекетпіз, менің ойымша Назарбаев Университеті алдағы уақытта елдің барлық университеттері алмаса алатын тәжірибе құра алады», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе