Л.Н.Гумилев атындағы Eуразия ұлттық университетінде ЮНЕСКО кафедрасын ашуға негізделген меморандум бекітілді

АСТАНА. 23 2013 жылы 23 тамыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Eуразия ұлттық университеті мен ЮНЕСКО білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі халықаралық ұйым арасындағы өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.Меморандумның мақсаты - Л.Н.Гумилев атындағы Eуразия ұлттық университетіндегі ұлысаралық және дінаралық қарым-қатынастағы төзімділік жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасын ашу; адам баласын ұлтына, дініне немесе көзқарасына қатысты кемсітпеуге үйрету, сондай-ақ адам құқығы, сөз бостандығы және ұлтаралық қарым-қатынастардағы жастар мәдениетінің негізгі қағидаттарын қарастыру.

Сонымен қатар бұл құжат аясында жастарға 1945 жылы 16 қарашада қабылданған ЮНЕСКО-ның жарғысында жазылған негіздерді және адамгершілік ынтымақтастықты оқыту, ұлысаралық қарым-қатынастар саласындағы қоғамның азаматтық және мемлекеттік институттары арасындағы өзара іс-әркеттерінің тиімділігіне септігін тигізу ескеріген.

Өзара әріптестік құжатына Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов және ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова қол қойды. Қазіргі таңда ЮНЕСКО кафедралары еліміздің 4 жоғары оқу орнында ашылған.

Eуразия ұлттық университетіндегі ЮНЕСКО кафедрасы келесі жобалар бойынша жұмыс жасайтын болады:

«МЕН - БҰЛ СЕН» - Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдерінен келген студенттер арасындағы төзімділікті тәрбиелеу жөніндегі ай сайынғы дәрістер топтамасы;

«Ұлы Жібек жолы керуені» - «Жібек жолы бойындағы әңгімелер» Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерттеуге арналған жыл сайынғы басқосу. Жүргізуші атақты мәдениеттанушы Мұрат Әуезов;

«МANGI ЕL» - Қазақстан тарихшылары Ұлттық конгресінің аясында шығатын көпшілікке танымал халықаралық журнал. Оның мақсаты - Қазақстан тарихының жетістіктерін және негіздерін көпшілікке дәріптеу және оқырманның тарихи көзқарасын қалыптастыру;

«ПИРАМИДА ҰСТАНЫМЫ» - Қазақстан, Орталық Азия, Ресей ғалымдарының қатысуымен жаратылыс ғылымдарында жасалған жетістіктер топтамасы;

«ТАРИХ ӘУЕНІ» - Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және тағы басқа да елдердегі халықтық музыканы бағалаушылардың жыл сайынғы концерттік топтамалары.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе