Қостанай облысында ауыл балаларының танымдық лагері ашылады

– Қостанай облысында Елбасы Қорының «Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру мақсатында ауыл балаларына арналған «Дарын» жазғы демалыс орны ашылады, деп облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Танымдық-сауықтыру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін «Дарын» лагеріне ауылдарда оқитын дарынды оқушылар шақыртылады. Тәжірибелі IT-мамандар жұмыс істейтін лагерде балалар белсенді демалыс шараларымен қатар, ғылыми технологияға қатысты қызықты сабақтар мен ойын-жаттығуларға қатыспақ. «Танымдық лагерь өңірдің қабілетті балаларын анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беруді мақсат етеді. «Дарын» лагерінен тыс, жазғы демалыс уақытында балалардың робототехника мен IT саласындағы білімін қашықтан дамыту жоспарланып отыр. Оқушылар бейнероликтер, буктрейлерлер, вайналар, виртуалды экспедиция, экскурсия, саяхат жасап, интерактивті мектептердегі мастер-кластар мен қойылымдарға, жазғы онлайн-лагерлерге қатысады», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк. Жалпы, соңғы екі жыл ішінде аймақ мектептерінде жергілікті меценаттардың қолдауымен жалпы сомасы 325,4 млн теңгеге 30 робототехника кабинеті және 65 IT-сыныбы ашылған. Ендігі мақсат – аталмыш сыныптардың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе