Жамбылдық түлектердің 70 пайыздан астамы ҰБТ тапсыруға ниетті

ТАРАЗ. 29 Жамбыл мектептерінің 70 пайыздан астам түлегі 2012 жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға ниет білдіруде, деп хабарлады облыстық білім беру басқармасынан.Ведомство басшысы Сұлушаш Құрманбекованың айтуынша, ҰБТ-ні 11 878 түлектің 8 584-і тапсырады деп күтілуде.

Бұл ретте «Алтын белгіні» алуға 385 түлек үміттенуде, тағы 219-ы ерекше үлгідегі аттестат алуды көздеп отыр.

Облыстық білім беру департаментінің мәліметтерінше, 2012 жылы республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан жамбылдық оқушылардың тобы жаратылыстану-математикалық ғылымдар бойынша - бірінші, гуманитарлық ғылымдар бойынша - екінші орынға ие болды.

2012 жылы аймақта 17 білім беру нысанын салу көзделуде. Осылайша, Қордай ауданында жалпы сыйымдылығы 2 300 орыннан асатын үш орта мектеп ғимараты тапсырылады. Меркі ауылында - мың орынға арналған орта мектеп, ал Сарысу ауданының Шағалалы ауылында - 48 орындық бастауыш мектеп, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында - 600 орынға арналған орта мектеп, Тараз қаласының Қолтоған тұрғын алқабында - 180 орындық орта мектеп тапсырылады.

Бұдан басқа, Тараз қаласында 720 орынға есептелген Назарбаев Зияткерлік мектебі салыну үстінде, сондай-ақ облыс аудандарында құрылысы 2013 жылы аяқталатын алты орта білім мекемелерінің құрылысы басталуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе