С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері Астана ЭКСПО көрмесінің мұражайына алғашқы экспонатын сыйға тартады!

АСТАНА. 28 2013 жылдың 1 наурызында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да  «Қазақстанның топырақ картасы» атты іс-шараның  ашылу рәсімі өтеді. Бұл айтулы шара ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған.Бұл туралы осы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

ЭКСПО-2017 құрметіне арнап С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері өз қолдарымен Қазақстанның топырақ ерекшеліктерін қамти отырып,  тәуелсіз еліміздің картасын жасады. «Топырақтан жасалған Қазақстан картасының»   тұғырнамасының ұзындығы 161  метр, ені 91  метр. 161 санының мәні   көрмені өткізу туралы сайлауға қатысқан елдердің санын білдіреді, оның ішінде 103 мемлекет Қазақстанда өткізуді қолдап  дауыс берді, ал 91 саны  еліміздің тәуелсіздігін жария еткен жылдың символы. Картаның ені 56 см., бұл университеттің 56 жылдық тарихына сыр шертеді.

Тұғырнамада Қазақстан картасынан басқа қолдан құрастырылған Алатау, Ұлытау, Жұмбақтас, Алтай таулары қазақтың ұлы даналығы «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген қағиданы  білдіреді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе