«Жас сарапшы - 2014» республикалық байқауы басталды

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қазақстандық жоғарғы оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардың соңғы курс студенттері және магистранттары арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру бойынша «Жас сарапшы» республикалық байқауының тұсау кесеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі.Баспасөз конференциясына «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Президенті Мақсат Мұқанов, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашев, «жас сарапшы - 2013» байқауының жеңімпазы Айжан Арынова қатысты.

«Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашев: «Қауымдастықтың өз қызметі барысында жас ғалымдар, сарапшылар, стипендиаттар мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері, сонымен қатар, экономикалық мамандықтардың студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу бастамаларына белсенді түрде қолдау көрсетеді», - деп ерекше атап өтті.

Байқаудың мақсаты - студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, ҚР жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін арттыру.

Байқау екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Жеңімпаздар ҚР Ұлттық экономика министрлігінде және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тәжірибеден өту мүмкіндігін иеленеді.

Байқауға қатысу үшін байқаудың ережесімен, эссе тақырыбымен, қатысу процедурасымен танысуы қажет және сәйкес ақпаратты ұйымдастырушылардың сайтында көрсетілген электронды мекен-жайға жіберулері тиіс. Байқау комиссияның құрамында - озық мамандар, экономикалық мамандықтар бойынша білім алған, айтарлықтай тәжірибеге ие «Болашақ» бағдарламасының түлектері бар.

Байқау үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2012 және 2013 жылдары байқауға еліміздің 40 жоғарғы оқу орнының 400-ден астам студенті қатысты. 2012-2013 жылдардағы «Жас сарапшы» байқауының жеңімпаздары «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 2012 жылдың жеңімпаздары Ұлжан Маратқызы және Айжан Мұқышбаева Аймақтық және әлеуметтік зерттеулер орталығына, ал 2013 жылдың жеңімпазы Айжан Арынова Ғылыми экономикалық сараптама орталығына орналасты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе