ОҚО-ның Түлкібас ауданында жыл басынан бері ондаған мектеп жөнделді

Биылғы жылы Түлкібас ауданында ондаған мектеп жөндеуден өтті.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Гагарин, Жандарбеков және Рыбалко атындағы мектептер күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 153,9 млн. теңге бөлінді, оның 134,4 млн.теңгесі игерілді.

Аудандық бюджеттен Әуезов және Науаи атындағы мектептерді күрделі жөндеу қаржыландырылды. Бұл мақсатқа 68,3 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Түлкібас ауданында көптеген білім мекемелері салынды. Облыстық бюджет есебінен «Алғабасс», «Жиынбай» және Т.Әубәкіров атындағы мектептер салынды. Олардың бәрі де 200 орынға есептелген. Бұл мектептерге 1116,2 млн.теңге бөлінді, оның 601 млн. теңгесі игерілді. Сонымен бірге, аудандық бюджеттен Мәметова атындағы мектептің құрылысына 161,7 млн.теңге бөлінді, оның әзірге 150,4 млн. теңгесі игерілді.

Баспасөз қыззметі атап көрсеткендей, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Майтөбе ауылындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілді. Ал облыстық бюджеттен Жанкент және Алғабас ауылдарындағы спорт кешендерінің құрылысына 175,6 млн. теңге қарастырылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе