Жастарды ғылымға тарту керек - Білім және ғылым министрі

ТАРАЗ. 3 Жастарды ғылымға белсенді тарту керек.Бұл туралы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің инженерлік бағыттағы зертханасында болған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Онымен бірге министр, зертхананың ғалымдарымен және мамандарымен кездесу барысында инновациялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын, сондай-ақ шет елдердің жетекші ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтарымен жемісті халықаралық ынтымақтастықтың қажеттігін атап өтті. 

Республиканың жалпы ғылыми бөлімшелерінің құрылымында Тараз мемлекеттік университетінің инженерлік зертханасы маңызды орынға ие. Зертханада ғылыми зеттеулер тамақ, құрылыс, химия және басқа да, барлығы 6 бағыт бойынша жүргізіледі.

Зертхана ғалымдары 68 ғылыми баяндама мен мақалалар жариялады, олардың 15-і шет елдердің басылымдарында жарық көрді. 2 монография шығарылып, Қазақстан Республикасының 4 инновациялық патенті алынды, 2 PhD докторлық және 14 магистрлік диссертациялар қорғалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе