Нұрсұлтан Назарбаев студенттермен кездесуі кезінде болашақ ел басқаратын Президент қандай болуы керектігі жайлы пікірін білдірді

АСТАНА. 1 Бүгін Елбасы Назарбаев Университетінің студенттерімен кездесуі кезінде  болашақ ел басқаратын Президент қандай болуы керектігін айтты.

«Менен жастар көбінесе Президент қандай болуы керек екенін сұрап жатады. Мен осы мәселе бойынша қазір ойлап, зерделеудемін. Өзімнің тәжірибем бойынша жастарға жазбалар қалдырғым келеді. Бүгінде кейбір ой-пікірлерімді салмақтап қойдым»,-деп тоқталды Мемлекет басшысы.

«Президент өте білімді болуы шарт. ХХІ ғасырдағы Қазақстанда 2-3 тілді меңгеру керек. Базалық білім алып, түрлі салалардан өмірлік тәжірибе жинап, елдің экономикасын біліп, көп ұлтты халықтың негізін, болмыс-бітімін тануы керек. Халықты түсініп, ниетін біліп, дұрыс бағытта басқара алуы шарт»,-деп атап өтті Н. Назарбаев.

Осы орайда Елбасы өзінің еңбек жолында металлургиялық зауыттың комбинатында 9 жыл жұмыс істегенін, содан кейін қаланы, облысты, республиканы басқарғандығын айтты.

«Яғни, барлық кезеңдерден өттім. Мен барша Қазақстанның ахуалын таныдым, барлық өңірлер мен  аудандарды аралап шықтым»,-деді Президент.

Осы тұрғыда Елбасы өзінің еңбек жолы мен тәжірибесі арқылы барша әлемге танылғанын жеткізді. Мемлекет басшысы  студенттерге көшбасшысы болу адамның өзіне байланысты екенін қадап айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе