Шығыс Қазақстандағы 45 мектептің асханасы талапқа сай емес

– Шығыс Қазақстан облысындағы 45 мектептің асханасы талапқа сай еместігі анықталды, деп .

Бұл жайлы бүгін «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысында айтылды. «Арнайы бекітілген жоба аясында мектептерге мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде өңірдегі 549 мектеп асханаларының 45-і талапқа сай емес болып шықты. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толықтыру мақсатында тиісті шаралар атқарылмақ», - дейді «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша партиялық куратор Зарина Қамасова. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 5500 орындық 7 мектеп салынатындығын хабарлаған болатынбыз.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе