Жаңаөзенде 640 орындық 2 жаңа балабақша ашылды (ФОТО)

Жаңаөзен қ. Рахат ауылында  320 орындық жаңа балабақша ашылды. Салтанатты ашылу шарасына  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева қатысты.Мұнда балаларға тәрбие беру үшін барлық жағдайлар жасалған.  Логикалық ойлау қабілетін дамытатын залдар, дене шынықтыруға арналған зал, медициналық көмек көрсету кабинеті бар.  Балабақшаның ашылуымен 84 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Балабақшада бүгін 4 топ бар.

«Әлемдік дағдарысқа қарамастан Елбасы әлеуметтік мәселелерді шешуге көңіл бөлетіні қуантады. Жаңадан ашылған «Толағай» балабақшасына немерем барады», - деді Рахат ауылының тұрғыны Ақкөжек Өтебаева.

Бұл күні Жаңаөзен қ. «Арай»  шағын ауданында жаңа «Шапағат» балабақшасы пайдалануға берілді. Ол да «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. 320 кішкентай жаңаөзендік үшін 16 топ ашылды. Балабақшаның ашылуымен 40 жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылды. 

2010-2015 жылдары  «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  5278 орындық 38 балабақша салынды. Осылайша, балалардың 95%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе