Дінтануды міндетті курс ретінде жоғары оқу орындарына енгізген дұрыс - профессор Нағима Байтенова

АЛМАТЫ. Қарашаның 12/Ерлік Ержанұлы/ - Дінтану мектепте ғана емес, жоғары оқу орындарында да міндетті курс болуы керек. Бұл бүгін  Алматыда өтіп жатқан "Кертартпа діни ағымдармен күресті жетілдіру: бағыттары, жаңа әдістері" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп .

"Бұл басқосуда  көтеріліп отырған  қоғам үшін өте өзекті, керек мәселе. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясында Елбасы да,  әсіресе  жастардың діни жаңа құрлымдардың ықпалына түсіп қалатынына  ерекше назар аударған болатын. Менің ойымша, соңғы уақытта мектепке дінтану курсының енгізілуі жайдан-жай емес. Білім саласында жұмыс жасайтын адам ретінде бұл тәжірибе логикалық жалғасын табуы керек деп ойлаймын. Міндетті дінтану курсын жоғары оқу орындарында енгізетін кез келді", дейді Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Нағима Байтенова. Оның айтуынша, БАҚ халықты діни құрылымдардың қызметінен  хабардар етіп, кертартпа ағымдардың ықпалына түсіп қалудан  сақтандырып отыруы керек. Бұл шараға мамандарды да тартуға болады. Ғалымның пайымдауынша, діни ағымдарды тіркеу кезінде олардың қызметі мен бірлестікке кірген адамдардың одан шығу еркіндігіне мән беру қажет. Қазір кертартпа ағымдардың ықпалына түсіп қалып, оның құрбандығына айналған  адамдарға кәсіби көмек көрсететін заңгерлер, психологтар, дәрігерлер жеткіліксіз.  Олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы ұйымдар мен  ақпараттық-кеңес беру орталықтарын құрып,  веб-сайт жасау керек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе