Бердібек Сапарбаев мектеп түлектеріне ЭКСПО көрмесінің билетін сыйлады

Бүгін республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанған түлектер ЭКСПО көрмесіне билет алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 200 мектеп түлегімен кездесіп, оларға ақжол тіледі, деп тілшісі.Биыл 6 мыңнан астам бала мектеп бітірді. Барлығы 467 бала «Алтын белгі» үміткері атанып, емтихандарда сүрінбеген оқушылардың бәрі армандарына қол жеткізді. Ал 301 оқушы үздік аттестат алды. Бүгін республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған сол түлектерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап, бәріне ЭКСПО көрмесіне билет сыйлады.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында адам капиталына үлкен көңіл бөлген болатын. Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы оның білімді, денсаулығы мықты, мәдниетті адамдарында .Сіздерге ақжол тілейміз. Биыл еліміз үшін тарихи жыл. Қазақтың тарихында тұңғыш рет «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Алып мемлекет басшылары, шетелдіктер келді. Соның бәрі Қазақстан үшін, біз үшін үлкен мақтаныш, абырой, бедел»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Бүгін барлығы 200 үздік түлек кездесуге келді. Олардың арасында ауыл балалары да бар. Шалқар ауданындағы №6 орта мектептің түлегі Айкен Нұрпейісов бұл күнге жету үшін әдеби кітаптарды жиі оқып, емтихандарға жіті дайындалғанын айтты. «Алтын белгі» иегері инженер болуды армандайды.

«Таяуда Түркістан қаласында өткен Яссауи олимпиадасында Қазақстан тарихы пәні бойынша бірінші орынды иелендім. Халықаралық сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрмін. Бүгін сол еңбегіміз еленіп, үздіктер қатарына кірдік. Алдағы уақытта М. Тынышбаев атындағы университетке оқуға түсіп, инженер мамандығын меңгергім келеді», - деді ол.

Айта кейік, ЭКСПО халықаралық көрмесіне арнайы билет алған ақтөбелік түлектер бір аптадан соң ҰБТ тапсырып, кейін Астананы аралап көруді жоспарлап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе