Батысқазақстандық студенттер шетелде білімдерін жетілдіріп қайтты

ОРАЛ. 24 М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жүздей студенті биылғы оқу жылында «Академиялық ұтқырлық» жобасына сәйкес шетелде болды.Қазіргі таңда университет жақын және алыс шетелдегі 50-ден астам ЖОО-мен байланыс жасайды. Сондай-ақ биыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес Польша мен Германияның ЖОО-ларымен бірлескен білім бағдарламалары жасалды. Айталық, «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына орай магистранттар мен студенттер тобы Польшаның Быдгощ қаласындағы ЖОО-ларында болды. Шетелдіктермен тәжірибе алмасу, семинарлар өткізу барысында түрлі мамандықтар бойынша бакалавриат пен магистратурадан қос дипломды бағдарламалар, практика мен жазғы жиындар, семестрлік оқу өткізу жөнінде қосымша келісімдер жасалды.

Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Ғалия Жүсіпқалиеваның айтуынша, мақсат - еуропалық қазіргі заманғы үлгілерді ескере отырып, педагогикалық білім берудің ұлттық жүйесіндегі негізгі бағыттарды айқындай түсу. Өйткені Елбасының биылғы Жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту, атап айтқанда, қазіргі заманғы әдістеме мен технологияларды енгізу, педагогтардың сапалық деңгейін көтеру қажеттігі атап көрсетілген болатын. Болон процесі де мемлекеттік білім беру стандарттарын еуропалық деңгейге жеткізуді көздейді.

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында БҚМУ студенттері мен магистранттары басқа да шетелдік ЖОО-ларда біліктіліктерін жетілдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе