Петропавлда «Жас түлек - 2013» салтанатты шарасы өтті

ПЕТРОПАВЛ. 20 Кеше кешкісін облыс орталығында «Жас түлек - 2013» атты солтүстікқазақстандық түлектерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Оған СҚО әкімі Самат Ескендіров те қатысты.Шаһардың Орталық алаңында қалалық және ауылдық білім ошақтарының 1096 түлегі тоғысты. Оның ішінде жетім балалар, «Алтын белгі» иегерлері, оқу озаттары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері және ардагер педагогтар, қоғам өкілдері, шәкірттердің ата-аналары бар.

Биылғы жылы өңірде 4,5 мың оқушы мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алмақ. Олардың ҰБТ нәтижелері де мақтауға тұрарлық. Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, «Алтын белгіге» лайықтығын 29 мектеп бітіруші дәлелдеген, 20 оқушы үздік аттестатты иеленді.

ҰБТ-да 122 балл жинаған Шаховское орта мектебінің түлегі Әсел Сұртаеваға өңір басшысының бағалы сыйлығы бұйырды.

21 маусым күні Солтүстік Қазақстандағы барлық білім ошақтарында мектеп бітіруші түлектердің кеші өтеді. Онда түлектерге орта білім туралы аттестаттар табысталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе