Нобель сыйлығының 10 лауреаты елордада баспасөз мәслихатын өткізеді

АСТАНА. 15 5-ші Астана экономикалық форумына қатысатын Нобель сыйлығының 10 лауреаты шара аясында баспасөз мәслихатын өткізеді.Бұл туралы бүгін «Еуразиялық ғалымдардың экономикалық клубы» қауымдастығы атқарушы органының төрағасы Мұрат Қарымсақов мәлім етті.

Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 22-24 мамыр күндері өтетін 5-ші Астана экономикалық форумының аясында ұйымдастырылатынын атап өткен ол: «Нобель сыйлығы лауреаттарының диалогы: жаңа қаржы-экономикалық саясат» - бұл өз сипатындағы журналистердің саясат, бизнес, саласындағы басты тұлғалармен, беделді экономистермен әңгімелесуінің алаңы. Брифингке қатысуға әлемдік деңгейде танылған 25 сарапшы, оның ішінде Нобель сыйлығының 10 лауреаты, бұрынғы мемлекет, үкімет басшылары, қазіргі министрлер мен халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың бірінші басшылары қуаттады», - деді.

Сонымен қатар М.Қарымсақовтың атап өтуінше, аталған кездесулер әлемдік телеарналардан таралатын болады. «Брифинг өткізу жаһандық қаржы-экономикалық жүйесін реформалаудағы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасына әлемдік қоғамдастықтың қызығушылығын күшейтуге әсер етеді», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе