Дүниежүзілік банк техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қазақстандық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді

АСТАНА. Қарашаның 20/Марлан Жиембай/ - Дүниежүзілік банк техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қазақстандық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Бұл жайында бүгін елордада өткен «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты 2-ші халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты,деп .

Министрдің айтуынша, еңбек пен білім беру саласының өзара әрекеттесуі үшін ең алдымен  бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесі қажет. Бұл жүйенің негізі кәсіптік қауымдастықтардың өздері таңдаған үздік халықаралық кәсіптік стандарттар болуы тиіс. «Осы мақсатта Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін одан ары жаңарту жобасы жасалды», деді Ж.Түймебаев.

Кәсіптік және техникалық білім беру жөніндегі танымал әлемдік орталықтардың қатысуы бұл жобаны жүзеге асырудағы міндетті шарт екендігін айтқан ол «Біз өзіміздің барлық шетелдік әріптестерімізді осы жобаға қатысуға шақырамыз», деп атап өтті.

Сонымен қатар министр негізгі жобалардың бірі жұмыс берушінің тәуелсіз бағалауы, яғни маманды сертификаттау болатындығын айтты. «Жалпы, әрбір салада  жұмысшылардың біліктілігін сертификаттау жүйесін құру қажет. Тіпті, кейбір жекелеген басымдыққа ие секторларда танымал халықаралық сертификаттау агенттіктерімен де бірлесе жұмыс істеуге болады», деді Ж.Түймебаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе