Қазақстанда білім сапасы төмен тағы 29 ЖОО жабылады

АСТАНА. 18 Алдағы уақытта елімізде білім беру сапасы төмен тағы 29 жоғары оқу орны жабылатын болады.Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Біз бұған дейін 6 университетті жауып едік. Ендігі күні, ағымдағы жыл барысында тағы 29 университетті жабуды жоспарлап отырмыз. Жалпы алғанда жоғары оқу орындарын жабу білім мекемелерінің рейтингін есепке ала отырып, жүйелі түрде сот тәртібімен жүзеге асатын болады. Біз жоғары оқу орындарын 5-6 критерий бойынша тексереміз. Әрбір университеттің рейтингін де қадағалаймыз. Ең басты көрсеткіш -  бұл түлектердің білім жетістігіне байланысты және ол 30 пайызды құрайды», - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан бөлек, жоғары оқу орындарының ғылыми көрсеткіштер, оқытушылардың деңгейлік көрсеткіштері де сапаға қамтылып, бағаланады.

«Жоғары оқу орындарын жабу үшін біздің сотқа шағымдануымызға тура келеді.  Ол тұрғыдан қаржылық шығын да талап етіледі. Жалпы, сапасы төмен университеттерді жабу біз үшін шынымен күрделі әрі қиындықтарға төтеп беруімізге тура келеді, кедергілері қаншама», - дейді Б. Жұмағұлов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе