«EF Education First» швед білім беру компаниясы Алматыда Орталық Азия аймағындағы тұңғыш кеңсесін ашты

АЛМАТЫ. 29 «EF Education First»  швед білім беру компаниясы енді Қазақстанның өзге қалаларында өзінің өкілетті консульдықтарын ашпақ.Оны компанияның бас директоры Барыш Учок бүгін Алматыдағы тұңғыш кеңсесінің ашылу рәсімінде айтты. 

«Бұл - біздің  Орталық Азия аймағындағы тұңғыш кеңсеміз. Аймақтағы елдердің арасынан Қазақстанды таңдап алуымызға оның ынтымақтастықтағы келешегінің кемелдігі  түрткі болды. Енді өкілетті консульдықты ең алдымен Астанада ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді Б.Учок. Ең ірі  халықаралық білім беру компаниясының негізі 1965 жылы қаланған болатын. Оның әлемнің 54 елінде 400 мектептері мен кеңселері бар. Ал  оқытушылар құрамының өзі  25 мыңнан асады. Қызметінің негізгі бағыттары - барып оқитын тілдік курстар, университет алдындағы білім беру және  Hult international Business School MBA-курстары.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе