Дамир Сұрағанов: Білім беру сапасын жақсарту – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе

Білім беру сапасын жақсарту – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе. Бұл пікірді Ақмола облысының Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейінің директоры Дамир Сұрағанов білдірді, деп тілшісі.

«Біз, педагог мамандар Мемлекет басшысының Жолдауын жыл сайын асыға күтеміз. Биылғы жылғы Жолдауда да ерекше құштарлықпен тыңдадық. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың санасында жүрген барлық мәселелердің шешімін көрсете алды. Мемлекет басшысы білім саласына ерекше назар аударды. Өйткені, білім беру сапасын жақсарту – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі екендігі бәрімізге аян. Президенттің: «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметі күшейеді, ұлттық қор болашақ ұрпақ үшін жұмсалуы қажет», – деген құнды пікірлерін Жолдаудың басты басымдықтары ретінде танимыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Әл-Фараби, ұлы Абайдың мерейтойларын атап өту арқылы ұлттық құндылықтардың дәріптелуі де отаншылдық идеясының маңыздылығын арттыра түседі деген ойдамыз. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бұл айтулы мерейтойларды атап өту арқылы оқушылардың бойында ұлттық идеологияны дарыту біздің басты міндеттеріміздің бірі», - дейді Дамир Сұрағанов. Сонымен қатар, ол Президент тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тағы да еске салды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Бұл жағымды жаңалық мұғалімдер тарапынан қызу қолдау тауып қана қоймай, сонымен қатар, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер жүктейді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында білім сапасын жақсартуға басымдықпен көңіл бөлуді тапсырды. Расында да, соңғы кездердегі деректерге сүйенсек, мектеп бітіріп шыққан түлектердің көбі жоғары оқу орнына түсе бермейді. Ізінше жұмыссыздар санатын толықтырады. Республикамызда отандық өндірісті дамытатын тұлға – жастар. Сол себепті өнеркәсіп саласы мамандарына елде сұраныс көбейіп келеді. Сондықтан, жастарымыз келешекте бәсекеге қабілетті, заман талабымен үйлесімді іс таңдауы үшін кәсіптік бағдар жұмысын мектеп қабырғасынан бастағанымыз абзал. Яғни, осы сала мамандары шет елден тартылмас үшін қазақстандық жоғары оқу орындары мен арнайы техникалық колледждер оқуға қабілетті, техникаға бейімді талапкерді өздері грантпен оқытқаны дұрыс. Біздің Щучинск қалалық №7 мектеп-лицейі түлектерінің де басым бөлігі жыл сайын университетке, институтқа грантпен қабылданып жатады. Ал, өнеркәсіп саласы мамандықтары бойынша грант көбейсе, тіпі жақсы болар еді», деп түйіндеді Дамир Сұрағанов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе