СҚО-дағы мектептерді жөндеуге биыл 3 млрд теңге жұмсалады

– Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерін жөнге келтіруге былтыр 5,4 млрд теңге жұмсалып, жүздеген мектеп жөнделді. Биыл бұл жұмыстар жалғасын табады, деп тілшісі.

СҚО Білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Владимир Ткаченконың мәліметіне сүйенсек, биыл 3 млрд теңгеге облыстағы 60 нысан жөнделеді. Оның 46-сы 8 мыңнан астам оқушысы бар ауыл мектебі. Өңірде мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары былтыр басталды. Осы мақсатқа бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде облыстағы 130 нысан, соның ішінде 100 ауыл мектебі жаңартылды. «Білім беру мекемелерін жөнге келтіру оқушылардың оқу жағдайын жақсартып, бұл өз кезегінде олардың білім алу сапасына әсер етеді. Тағы бір басты көрсеткіш – балалардың қауіпсіздігі. Облыста 604 білім беру нысаны болса, соның тең жартысында ғана бейнекамералар бар», - дейді Владимир Ткаченко. Биыл қалған 294 нысанды бейнебақылау жүйесімен қамту үшін облыстық бюджеттен 258,9 млн теңге бөлінбек. Бұдан басқа мектептерді жылы дәретханалармен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Өңірде 475 мектеп болса, соның 422-сінде, яғни 89% ғана талапқа сай жылы дәретхана бар екен. Бұл мәселе биыл толығымен шешімін таппақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе