Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астанадағы мектеп кітапханасына 300-ге жуық кітап сыйлады

Алғыс айту күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының №48 мектеп-лицейінде акция өткізіп, мектеп кітапханасына 300-ге жуық қазақ тіліндегі әдеби шығармалар мен сөздіктерді тарту етті.Қор баспасөзінің хабарлауынша, шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары қордың қызметі және жобаларымен танысты. Олар: қазақ тілін онлайн режимінде үйрететін Soyle.kz порталы, оның Soyle мобильдік қосымшасы, балаларға арналған Bala.soyle.kz  сайты, Abaialemi.kz онлайн-энциклопедиясы, Tattialma.kz атты қазақ тіліндегі балалар әдебиеті сайты, «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасы, ҰБТ-ға дайындалуға болатын қазақ және орыс тілдеріндегі «Кім білгіш» мобильді ойыны.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе