Елімізде пайдалану мерзімі өтіп кеткен саман мектептердің саны 768-ге жетіп отыр

- 2014-2016 жылдары 192 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2014-2016 жылдары 192 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 2016 жылға қарай үш ауысымдағы мектептер санын 13 есеге, апатты мектептерді екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта жергілікті атқару органдары тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілсе ғана іске асады. Бүгінде еліміздің 1372 мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Алайда жергілікті атқару органдары тек 439 мектепті жөндеуді жоспарлап отыр.

Бүгінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен саман мектептердің саны 768-ге жетіп отыр. Оның 245-і - Оңтүстік Қазақстан облысында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе