Шардарада екі әлеуметтік нысан ашылды

Шардара ауданында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай екі әлеуметтік нысан ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлады ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шардара қаласының орталығында бос тұрған ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ретінде қайта ашылды. Мектептің құрылысы облыстық бюджет есебінен жүргізіліп, спорттың 10 түрі бойынша құрал-жабдықтармен қамтылған. Спорттық секцияларға бүгінгі таңда 884 тәрбиеленуші қатысып отыр.

Ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Қ.Айтөреев елдің даңқын шығарып, әлемдік додаларда көк байрағымызды желбірететін спортшылар екенін айта отырып, осы спорт мектебінің тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі спорттық сайыстарда жеңімпаздар қатарынан көрінеді деген сенім білдірді.

Жалпы, бүгінгі таңда аудан бойынша 157 спорт ғимараты жұмыс істейді. Олардың ішінде орталық стадион, 22 спорт залы, 101 спорт алаңшасы, 18 футбол алаңы мен 10 тир орталығы бар. Мереке қарсаңында аудан орталығында типтік үлгіде салынған 200 орындық мамандандырылған мектеп-интернатының жаңа ғимараты мен осы оқу орнының 150 орынға арналған жатақханасы пайдалануға берілді. Бұл нысан да облыстық бюджеттен қаржыландырылып, құрылысты «Мух-Дан» ЖШС-і жүргізді. Үш қабатты нысанның ішінде балалар мен педагогтарға барлық қажетті жағдай жасалған. Мультимедия және лингафон кабинеттері, химия, биология, информатика пәндеріне арналған арнайы бөлмелер мен кітапхана, спорт залы қарастырылған. Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз алған оқу орнының директоры Гүлия Қасымбекова мектеп-интернаттың ұстаздары Кембридждік оқыту жүйесі арқылы біліктіліктерін арттырғанын айта отырып, келешекте осы оқу орнының шәкірттері үздік білімімен дараланатынына сенім білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе