Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаңа оқу жылында бакалавриатта - 3, магистратурада - 4, PhD докторантурада - 2 жаңа мамандық ашылды

АЛМАТЫ. 1 Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім грантының саны бойынша жоғары оқу орындары арасында республика бойынша көшбасшы болып отыр.Биыл онда мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандарды даярлауға  бакалавриат бағдарламасы бойынша 2700-ге, магистратураға 1000-ға жуық, ал PhD докторантурасы үшін 120 грант бөлінді. Оқу орны «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық олимпиадалардың және ғылыми жобалардың жеңімпаздары сияқты басым құқық иегерлерін қабылдау жөнінен де республика бойынша жетекші университеттердің алдында келеді.  

«Биыл бакалавриат бағдарламасы бойынша - кітапхана ісі, электр энергетикасы және жылу энергетикасы бойынша - 3,  магистратурада әлемдік экономика, ғарыш техникасы және технологиялары, жылу энергетикасы және наноматериалдар,  нанотехнологиялар бойынша - 4,  ал докторантурада  түркітану мен есеп және аудит деген 2  мамандық ашылды.   Магистратура мен докторантураға түсу кезінде жекелеген мамандықтарға бәсеке өте жоғары болды. Мәселен, кейбір мамандықтарға бір грантқа 20-30 адамнан келді», - дейді университеттің баспасөз қызметінің маманы Еңлік Ақжігіт. Оның айтуынша, ҚазҰУ-да ақылы бөліміне қабылданудың ең төменгі өту деңгейі  биыл да былтырғы жылдағыдай 70 ұпайды құрады. Ақылы негізде білім алғысы келетін студенттер мен магистранттардың төлем ақысына арнайы жеңілдік пен шегерімнің кеңейтілген тиімді жүйесі қолданылды.  Мәселен, мектепті ерекше аттестатқа бітірген талапкерлер ақылы бөлімге түскісі келген жағдайда оқудың бірінші жылына 15 пайыздық жеңілдікке ие болса, жоғары оқу орнын «өте жақсы» деген бағаға тамамдаған және магистратураға түсетін талапкерлерге 20 пайыздық шегерім қарастырылған. Сондай-ақ, ауылдық мектептерді «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға тамамдаған бітірушілерге 10 пайыздық жеңілдік қарастырылды. Ал магистратураның ақылы бөліміне құжат тапсырған талапкерге оқу ақысын бірден толық төлеген жағдайда, 10 пайыздық жеңілдік жасалады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе