Петропавлда «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылысына мониторинг жүргізуде

ПЕТРОПАВЛ. 23 Петропавлдағы «Береке» шағынауданында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы жалғасуда.Аталмыш білім ошағын биылғы жылдың қыркүйегінде ашу жоспарлануда. Нысанның салынуына республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінді. Онда 720 солтүстікқазақстандық мектеп оқушысы білім алады.

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Руслан Ермұхамбетовтің айутынша, мектепте аудандар мен Петропавл қаласының балалары оқиды. Іріктеу «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ-да бірнеше кезеңмен өткізіледі. Өткен жылдан бастап педагогтарды дайындау және қайта даярлау басталды. Жаңа мектепте бірінші кезекте Солтүстік Қазақстанның оқытушылары жұмыс істейді.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы өткен жылдың тамызында басталды. Бас мердігер - «BAUR Construction» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанда 140 адам еңбек етуде.

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының өкілдері бұл оқу мекемесінің құрылыс барысына апта сайын мониторинг өткізеді.

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау бекетінің басшысы Владимир Витченконың айтуынша, қазіргі уақытта астыңғы қабаттың құрылысы толық аяқталды, қабырғалар орнатылып, кеспе 10 пайызға жатқызылды. Желтоқсан айында болған аяз салдарынан жұмыс уақытша тоқтатылды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жалғастырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе