Алматыда мектептер мен балабақшалар қай кезден бастап қалыпты жұмысқа көшеді

– Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы білім беру мекемелерінің қай уақыттан бастап жұмысқа кірісетіні туралы айтты, деп тілшісі.

Оның айтуынша, карантиннен кейін қаланың әлеуметтік саласы кезең-кезеңімен қалпына келтірілетін болады. Осылайша, мектепке дейінгі білім беру жүйесі жұмысты мамыр айының ортасынан бастайды. Міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптар сақталуы тиіс. «Орта білім беру жүйесі төртінші тоқсанды қашықтан оқумен аяқтауға дайындалуда. Жоғары оқу орындары Білім және ғылым министрлігінің алгоритмі бойынша оқытылатын болады»,– деді Бақытжан Сағынтаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе