Батыс Қазақстанда биыл жаңадан бірнеше мектеп іске қосылмақ

– Батыс Қазақстан облысында биыл жаңадан бірнеше мектеп іске қосылмақ, деп тілшісі.

БҚО білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанованың айтуынша, бұл үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер санын қысқарту мақсатында қолға алынып отыр.Облыс орталығы Орал қаласының өзінде 11356 оқушыны қамтитын 8 үш ауысымды мектеп бар. Жалпы, шаһардағы оқушы орнының тапшылығы 2281 орынды құрайды. Осы мәселені шешу бағытында биыл қалада 900 орындық №51 орта мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Тағы бір түйткілді мәселе – апатты мектептер жағдайы. Өңірде 3752 оқушы білім алатын 10 апатты жағдайдағы мектеп бар. Биыл Ақжайық ауданы Чапаев ауылында апатты мектептің орнына 100 орындық интернатымен 300 орындық жаңа білім ордасы өз есігін айқара ашады.Сондай-ақ Қазталов ауданы Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы орта мектептің құрылысы басталды. Құрылысы алдағы жылы аяқталатын нысанға республикалық бюджеттен 2319,2 млн теңге бөлінді. Оған қоса «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 4 білім беру нысанының құрылысы мен қайта құру жұмыстары үшін ел қазынасынан 1 млрд 47,132 млн теңге қарастырылған болатын. Бұл қаржыға Орал қаласында апатты ғимарат сүріліп тасталып, орнына 300 орындық №33 мектеп жаңадан салынуда. Мұны да биыл іске қосу көзделуде. Сол секілді Бәйтерек ауданы Зеленов орта мектебі ғимараты қайта құрылып, Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы мектептің екі ғимаратының арасына жабық өткел, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында А.Оразбаева атындағы орта мектептің спорт залы салынады. Мұның сыртында инвесторлар есебінен тағы екі мектепті ашу ойластырылуда. «Тағы бір қуанышты жайт, облыс басшылығының қолдауымен білім ордаларын күрделі жөндеуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Жалпы, облыста 86 мектеп күрделі жөндеуді қажетсінеді. 2018 жылы үш мектеп күрделі жөнделсе, өткен жылы да осы көрсеткіш сақталған еді. Ал биыл 86 мектептің 30 -ына күрделі жөндеу жүргізілгелі отыр. Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 мектепті күрделі жөндеуге 782,235 млн теңге қаралса, «Жұмыспен қамтудың жол картасына» сәйкес 26 мектепке 8 млрд 245,719 млн теңге бөлінді», тілшісіне Айымгүл Мақсотқызы.
9800
    Iздеу

    Күнтізбе