Таяудағы жылдары Қазақстанда индустриялық ілгерілеушілікті жүзеге асыру жоспарланып отыр - Мәжіліс депутаты Д.Назарбаева

АСТАНА.  9 сәҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы сайлаушылармен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлайды.Д.Назарбаеваның Теміртау қаласының тұрғындарымен кездесуінің басты тақырыбы Қарағанды аймағының әлеуметтік даму мәселелері болды. Бұл туралы Теміртауда кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан Қазақстандық Магнитканың құрылысы туралы бірегей экспонаттар жиналған президенттік тарихи-мәдени орталыққа барғанда айтылды. «Осыған ұқсас индустриялық ілгерілеушілікті елде таяу жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Алайда, депутаттың пікірінше, бұл ауқымды мақсат үшін елге бүгінгі күні білікті жұмыс кадрлары жетіспейді, ол политехникалық колледждің педагогтарымен және студенттерімен болған «дөңгелек үстел» барысында да атап өтілді.

Халық қалаулысына айтылған ұсыныстар мен лебіздер көп болды. Атап айтқанда, тұрғындар колледж және кәсіби лицей түлектерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін оқу орнын бітірген соң бөлу жүйесін енгізуді, ауылдық жерлерде кәсіби-техникалық мектептердің дамуына көбірек назар аударуды, сондай-ақ «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасын кәсіби-техникалық білім алған балаларға, әсіресе ауыл жастары өкілдеріне таратуды ұсынды.

Дариға Назарбаеваның пікірінше, «олар қайтып келуді қалайтындай жағдайлар жасау керек. Бұл ретте олардың жұмыс орнына ие болып, маман ретінде құрметке бөленуі үшін, бүгінде жоғары оқу орнының түлегі үшін жасалған барлық ынталандыру шаралары қажет. Осыларсыз біз ешқандай инновациялық экономика мен индустрияландыруды жасай алмаймыз».

Қарағандыда Д.Назарбаева онкологиялық орталықтағы дәрігерлермен, С.Сейфуллин атындағы театрда шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізді. Қарағандылық аймақта өткен кездесулерге сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП-ның фракция мүшесі, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің хатшысы Гүлнар Ықсанова қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе