Қазақстан-Британ техникалық университетінде күн батареясын жасау өндірісі жолға қойылды

Қазақстан-Британ техникалық университетінде күн батареясын дайындаудың қанатқақты желісі жолға қойылды.Университет қабырғасында өндірілген күн батареялары енді алдағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қойылмақ.

Журналистерге жасалған таныстырылым барысында аталмыш өнімнің барлық дайындалу үдерісі паш етілді.

«Біз күн батареясын жасаудың бүкіл технологиясын осы жерде жасаймыз. Мына кремний тілімі нөлден бастап дайын өнімге дейін 30 жоғары технологиялық операциялардан өтеді. Сөйтіп күн батареясына айналады. Әрбір операция өте таза бөлмелерде жасалады. Оларда әрбір текше метр ауада көлемі 10 микроннан аспайтын бір ғана тозаң болуы керек. Бұл өндіріс желісін жолға қоюға үш жыл уақытымыз кетті! Оған 2,5 миллион доллар жұмсалды. Ал батыста осындай бір ғана қанатқақты желіні іске қосуға 10 миллионнан 50 миллион долларға дейін жұмсалады»6 - деді өз сөзінде ҚБТУ нанотехнология зертханасының меңгерушісі Қайыр Нүсіпов.

Әзірге университетте күніне 10 шаршы метр күн батареясы жасалмақ. Өйткені бүкіл үдеріс тек қолмен жасалады. Дегенмен, болашақта тиісті аппаратуралар жеткізілген соң, өндіріс көлемі ұлғаяды.

Айта кетелік, күн батареясын жасау технологиясы әлемде құпия болып саналады. Ешбір кәсіпорын өздерінің технологиялық әдістерімен, жетістіктерімен бөліспейді. Зауыттарына бөгде мамандарды кіргізбейді. Сондықтан аталмыш жоғары орнының ғалымдары әрбір технологиялық операцияны өз күштерімен жасауларына тура келген. Аталмыш күн батареяларының энергетикалық тиімділігі 30 пайыздан асады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе