Павлодарлық оқушы АҚШ-тағы белді университеттің грантына ие болды

–Павлодарлық Владислав Черданцевқа грант ұсынған Массачусетс технологиялық институты әлемдегі атақты университеттердің бестігіне кіреді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бағдәулет Нұрматтың мәлімдеуінше, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Владислав Черданцев Массачусетс технологиялық университетінде (АҚШ) оқуға толық грант жеңіп алды. «Университет Владиславтың жетістіктерін көргеннен кейін оқу гарнтын беріп отыр, - деді Бағдәулет Нұрмат. Кембридж қаласында орналасқан оқу орны әлемдегі атақты университеттерінің алғашқы бестігіне кіреді. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері елдегі ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар, университет менеджмент, экономика, лингвистика, саяси ғылымдар және философия салаларын оқытуымен де танымал. Владислав Черданцев – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері. «Владислав Минск және Санкт-Петербургте өткен химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері, Нидерландыдағы халықаралық жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасында да жеңіс тұғырынан көрінген. 2019 жылдың шілдесінде Парижде өткен Менделеев олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды», - деді Бағдәулет Нұрмат. Айта кетейік, Владислав Черданцев жақында ғана Тұңғыш Президент қорының 1 млн теңге сыйақысына ие болған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе