2017 жылға дейін кезең-кезеңімен 43 мектеп салу көзделіп отыр - Алматы облысының әкімі

Үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесін шешу үшін 2017 жылға дейін кезең-кезеңімен 43 мектеп салу жоспарланбақ. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өтіп жатқан брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Білім беру саласында Алматы облысындағы апатты жағдайда тұрған 47 мектептің мәселесін шешу бойынша 7 мектептің құрылысы және екі мектептің толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал үш ауысыммен оқып жатқан мектептерге келер болсақ, олардың саны 47- ге жетіп отыр. Осы мәселені шешу үшін бізде 2017 жылға дейін кезең-кезеңімен 43 мектеп салу жоспарланбақ. Олардың 29-ы республикалық бюджет қаражаты бойынша, ал қалғаны жергілікті бюджет қаражатымен салынады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе