Алматыда археология және этнология мәселелеріне арналған конференция өтуде

АЛМАТЫ. 26 сәБүгін Алматыда IV Әбділманап Оразбаев оқулары аясында «XIX ғасырдың отандық археология мен этнология мәселелері мен жетістіктері» деген тақырыппен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.Бұл шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және мұражайтану кафедрасы Әбділманап Медеуұлының  90 жылдығына орайластырып ұйымдастырып отыр.

Екі күндік конфернция жұмысы кезінде археология мен этнологиядағы теориялық және әдістемелік аспектілер, Еуразия құрлығындағы  тас ғасырын зерттеу мәселелері мен нәтижелері,  Орталық Азия мен іргелес өңірлерді мекен еткен ежелгі және ортағасырлық көшпенділердің материалдық және рухани мәдениеті, Қазақстанмен іргелес аймақтарда орналасқан ортағасырлық қалалардың кенттенуі, материалдық мәдениеті және басқа да тақырыптар талқыға түспек.

 Майдангер ғалым, білікті ұстаз, білгір архелог Әбділманап Медеуұлы Оразбаев  1922 жылы өмірге келіп, 1997 жылы өмірден озған болатын. 1971 жылы ашылған бұрынғы  С. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің тарих факультетінде археология және этнология кафедрасының  алғашқы меңгерушісі болды. Қазақстанның қола және ерте темір дәуірлерін зерттеу арқылы елу жылға жуық ғылыми қызметінде жүздеген-мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, отандық археология ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе