Астаналық экономикалық форум аясында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет ұлттық академиялары мен мектептерінің ректорлары бас қосады

АСТАНА. 23 2012 жылдың 23 мамыры күні V Астана экономикалық форумының шеңберінде елордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Х.Зайдель атындағы Қоры, БҰҰ ДБ және ЕО «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасының қолдауымен Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің ұлттық академиялары мен мектептері ректорлары  форумын өткізеді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі.

Форумның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы АӘхан Бәйменов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов қатысады.

Дүниежүзіндегі 20 елдің мемлекеттік басқару академиялары мен мектептерінің, оның ішінде: Кэмбридж университетінің, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE), Франция Ұлттық басқару мектебінің (ENA), DBB akademie (ГФР), Түркия және Таяу Шығыс Мемлекеттік басқару институтының (TODAIE), Ұлттық саяси зерттеулер және мемлекеттік басқару мектептерінің (Румыния), РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының, Польша Республикасы мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінің, Бұлғарияның Жаңа университетінің (NBU), Түркия Сот төрелігі академиясының, Еуроакадемияның (Эстония), Литва мемлекеттік әкімшілік ету институтының, Украина Президентінің жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының, Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, П. А. Столыпин атындағы Поволжье мемлекеттiк қызмет институтының (Ресей), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру орталығының (Литва), Башқұрстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет академиясының және т.б. басшылары мен өкілдері баяндамалар жасайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе