2 мыңға жуық білім беру грантын ақылы негізде оқитын студенттер иеленді

АСТАНА. 17 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың төрағалығымен кеше жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның мәжілісі өтті.Аталған ведомствоның мәліметіне қарағанда, бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 90 жоғары оқу орнынан 8160 студент қатысты. Олардың ішінде 9 ұлттық, 34 мемлекеттік, 12 акционерлік, 35 жекеменшік жоғары оқу орындары бар.«Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс студенттің оқу барысындағы оқу үлгерімін ескере отырып аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүргізіледі», - делінген бұл мәліметтерде.Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша  1922 білім беру гранты ақылы негізде оқитын студенттерге тағайындалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе