М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да «Тайманов оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде

ОРАЛ. 21 сә20 сәуір күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі «Тайманов оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық  мәжілісі болды.Аталмыш шара биыл университеттің 80 жылдық мерейтойына арналды. Университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Иманғалиевтің атап өткеніндей, математика ғылымын дамытуда академик, физика-математика ғылымдарының докторы Асан Таймановтың еңбегі орасан зор.

1917 жылы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында дүниеге келген Асан Тайманов 1936 жылы Орал педагогикалық институтынан (қазіргі М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ) түлеп ұшты. Ұлы Отан соғысына қатысқан ғалым КСРО-ның көптеген оқу орындарында, соның ішінде Сібір бөлімшесінің математика институтында, Новосібір университеті геометрия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан ҒА физика-математика бөлімінің академик-хатшысы, Қазақстан ҒА математика және механика институтының директоры сынды лауазымды қызметтерді атқарды. Ол, әсіресе, қазақстандық ғалым-кадрларды даярлауға ерекше еңбек сіңірді.

Пленарлық мәжіліс секциялық отырыстарға жалғасты.   Халықаралық конференцияға қазақстандық, ресейлік ғалымдар қатысып, өз баяндамаларын жасап, ұсыныс-пікірлерін білдіруде.

Тайманов оқулары 21 сәуір күні аяқталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе