Қырғызстанда «Діни білім және діни оқу орындары туралы» заң қабылданбақ

АЛМАТЫ. 26 Қырғызстанда әлі күнге дейін діни білім берудің бірыңғай жүйесі жоқ. Бұл туралы Жоғарғы кеңестің білім, ғылым, мәдениет және спорт комитетінің төрағасы Каныбек Османалиевтің көмекшісі Таалайбек Сатыбалдиев Бішкекте өткен «Орталық Азиядағы исламның оянуы үдерісі аясындағы зияткерлік бастама» деп аталатын халықаралық конференцияда айтты.«Каныбек Османалиевтің бастамасымен әзірленген «Діни білім және діни оқу орындары туралы» заң жобасының алғашқы тыңдалымы 19 қыркүйекте өткен болатын. Алдағы 1-2 айдың ішінде қабылданатын бұл заң діни білім берудің бірыңғай жүйесін жасауға мүмкіндік береді», - дейді. Т. Сатыбалдиев. Оның айтуынша, Қырғызстанда 91 діни оқу орны бар. Оның 75-і исламдық, 16-сы христиандық бағытта. Исламдық бағыттағы білім беру ұйымдарының 65-і - медресе, 10-ы - жоғары оқу орындары. Мәселен, медреселердегі білім жүйесі Пәкістан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Иордания, Египет, Түркия елдерінің бағыт-бағдары бойынша жүргізіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе