Ақтоғай ауданында «Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар» атты қайырымдылық акциясы өтті - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 18 Павлодар облысының Ақтоғай ауылында «Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар» атты қайырымдылық акция-марафоны өтті, деп хабарлады аудандық әкімдіктен.Оған мәслихат депутаттары, кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің  басшылары, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының, «Асыл ұрпақ» қайырымдылық қорының өкілдері қатысты.

Марафон қатысушыларының өнер көрсетуі және жәшіктердің қайырымдылық жарналармен толтырылуы Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының музыкалық нөмірлерімен сүйемелденді. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға киім және оқу құралдары заттарын сатып алуға бір миллионнан астам теңге жиналды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе