Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-Global жастар қозғалысына арналған шара өтеді

АСТАНА. 6 Ертең Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-Global жастар қозғалысына арналған шара өтеді.  Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы - «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы.

Жаһандық сынақ кезеңінде, түрлі мемлекеттердің жастар қауымы бүкіл адамзат қауымының алдында тұрған  мәселеге ат салысу үшін бірегей майдан құруға өз ынталарын білдіріп отыр. Жастардың әлем қауымдастығына бағытталған  Ашық хаты бұл шараның өзекті кезеңі болмақ.

G-Global қозғалысының  бастаушысы Қазақстан жастары болып табылады.  Белсенді жастар қауымы өздерінің Ашық хатында  G-Global 5 қағидатына негізделе отырып, халықаралық ұйымдарға, саяси көшбасшыларға, ғалымдарға және сарапшыларға заманауи мәселелердің шешімін табу үшін бірігуге шақырып отыр.  Осы аттас ғаламтор алаңы  бұл қозғалыстың өзегі болмақ және  маңызды мәселелерді кең көлемде талқылау үшін  оңтайлы жағдай қалыптастырады.

Белсенді жастар қауымы сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-Global  халықаралық қозғалысының  штабын  құруды ұсынып отыр. Өз кезегінде аталмыш  жоғарғы оқу орнының басшылары бұл ойға қолдау көрсетуде.

Конференцияның спикерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты және «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының үйлестіру  кеңесінің  тең төрағасы С.Н.  Нөгербеков, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының төрағасы М.Р. Кәрімсақов және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б. Сыдықов.

«G-Global» ғаламтор-сұхбат алаңын 2012 жылдың қаңтар айында «Ғалымдардың  Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатымен іске қосты.

Жоба  әлемдік қаржы дағдарысынан шығуға және дағдарысқа қарсы шаралар қатысушылары қатарын кеңейтуге бағытталған. Қазіргі уақытта  ғаламтор-алаңы 150 мемлекеттің сарапшыларының пікірсайыс және пікірталас  форматында әлемдік экономикалық дағдарыстың кілтін іздеуде.  Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында сайт жаңғыртылып, 1 қарашада  жаңа нұсқасы ашылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе