Астанада «Түркі өркениетінің екі ойшылы: Қожа Ахмет Ясауи мен Юнус Эмре» атты дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 25 28 қаңтарда елордада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Түркі өркениетінің екі ойшылы: Қожа Ахмет Ясауи мен Юнус Эмре» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өтеді.Астанадағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы және мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы өткізгелі отырған бұл шара Түркі дүниесінің ұлы ғұламасы, ойшылы, ақын, ағартушы Қожа Ахмет Ясауи және оның Түркиядағы ізбасары, шәкірті, ақын, рухани мұрасын жалғастырушы Юнус Эмренің шығармаларындағы діни көзқарас пен руханилық шеңберіндегі ортақ мүдделерді және осы екі Түркі әлемінің ғұламаларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылғалы отыр.

Дөнгелек үстелге ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің Түрік тілі мен әдебиеті бөлім басшысы Бахадыр Гүджүйетер, Сулейман Демирел университетінің өкілдері, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, профессор Айдар Әбуов, түркі Академиясының директоры, профессор Шәкір Ыбыраев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркітану кафедрасының меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков, сондай-ақ ҚР Дін істері агенттігінің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысады деп күтілуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе