Н.Назарбаев: Қазақстан француз студенттерiне арнайы квота бөледi

Қазақстан француз студенттерiне арнайы квота бөледi.«Бiз қазақстандық балалардың француз тiлiн меңгеруiне жағдай жасалғанын қалаймыз, Францияда оқуға қазақ студенттерi мүмкiндiк алып жатса, нұр үстiне нұр. Қазақстан қазақ тарихын, тiлiн меңгерiп, бiздiң өңiрдi зерттеу үшiн француз студенттерiне арнайы квота бөлер едiк», - дедi Президент.  

Елбасы Франциямен арадағы қарым-қатынастар аясында қазақ жастарын инженерлiк-техникалық мамандықтар бойынша оқытуды қалайтындығын баса айтты. 

«Бiзде бұл салада үлкен тәжiрибемiз бар. 2010 жылдан берi Total компаниясының қолдауымен Қарағанды техникалық университетiнде дәнекерлеушiлер институты құрылды. Маған бұл фактiнi хабарлау аса жағымды көңiл күйге бөлейдi. Себебi мен өзiм кезiнде сол университетте оқыған болатынмын», - деп түйдi ойын Мемлекет басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе