Түркістанда 400-ден астам ата-ана бас қосты

– Түркістан қаласында «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Маңызды мәселелерді талқылауға Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, кәсіподақ кеңесінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастар ұйымының мүшелері қатысты, деп тілшісі.Келелі басқосуда ата-аналар білім саласындағы озық трендтермен, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, қатысушылардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру мәслелері талқыланды. Қатысушыларды қоғам назарын білім саласына аудару мен педагог мәртебесін көтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге үндеу мақсаты көзделді. Ауқымды шараға 400-ден астам ата-ана қатысты. Жиын барысында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелерге тоқталып өтті. «Әсіресе отбасында көп көңіл бөлінбейтін балалар жылулықты сырттан іздей бастайды. Олардың арасында түрлі оқиғаларға тап болып, тығырықтан шыға алмай қалатыны болады. Осыдан бала бойында қатігездік қасиет, ал ата-аналарда тәрбиеге көнбейтін бала деген ұғым қалыптасады. Балаларымыздың жаны мен тәні аман болсын десек, бірлесе жұмылған жөн. Ата-ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасы мен олармен қарым-қатынасы қалыпты болуы керек»,-дейді басқарма басшысы. Облыстың бас ұстазы бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту үшін, өңірдің барлық білім ұяларында рухани-адамгершілік тәрбиенің дамуына тікелей ықпал ететін шаралар жайлы атап өтті. Айта кетейік, өңірде отбасылық тәрбиені, әсіресе, әкелермен жұмысты нығайту бойынша былтыр «Әкелер мектебі» ашылды. Бүгінде аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында 800 ардагер мен 900 әкелер кеңесі, 709 тәлімгер кеңесі құрылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе