Қытай ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 20 мың азаматын оқытады

Бес жылдың ішінде Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің 20 мың тұрғынына үкіметтік шәкіртақылар ұсынады. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян мәлімдеді.

«Қытайлық тарап ШЫҰ-ның жастармен достық ауысулар жылындағы шараларды қолдап отыр. Алдағы уақытта 2016-2017 оқу жылынан бастап бес жылдың ішінде Қытай ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің 20 мың азаматына үкіметтік шәкіртақылар ұсынатыны туралы шешім қабылданады. Қытайлық тарап 2015-2017 жылдар кезеңінде 2 мың маманды даярлау бойынша міндетті адал орындап, Ұйымға мүше мемлекеттердің кадрларын дайындауды одан әрі нығайтады», - деді ол ШЫҰ-на мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) 14-ші отырысы барысында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе