СҚО-да 400 орындық қазақ мектебі салынып жатыр (ФОТО)

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы ауданына қарасты Новоишим ауылында 400 орындық қазақ мектебі салына бастады. Білім мекемесі 2016 жылы пайдалануға берілмек. Екі қабатты мектептің құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражатына салынып жатыр. Ол үшін 1,5 млрд. теңгеге жуық ақша бөлінген. Құрылысшылар биыл оның 400 млн. теңгесін игермек. Білім ордасының жанынан 200 орындық интернат салу да көзделген. «Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Құрылыс жоспар бойынша 2016 жылдың қазан айында аяқталады. Бұл ауданымыздың көптен күткен құрылысы еді, себебі қазіргі мектебіміз бейімдендірілген ғимаратта орналасқан», - деді Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Владимир Дудов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе