Алматыда қазақтың тарихы мен мәдениеті туралы халықаралық конференция болады

АЛМАТЫ. 14 Алматыда  16 ақпанда  «18-19 ғасырлардағы Ұлы жүз қазақтарының саяси-әлеуметтік тарихы және географиялық орналасуы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.Оны Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және археология институты, Мемлекеттік мұрағат және «Ақ Орда» республикалық қозғалысы бірігіп ұйымдастыруда.

Мемлекеттік мұрағатта өтетін бұл шараның басты мақсаты - 18-19 ғасырлардағы Жетісу жеріндегі Ұлы жүз тайпаларының географиялық орналасуын зерттеу. Оған отандық және алыс-жақын шет елдерден келетін археологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар және өзге де зерттеуші ғалымдар қатыспақ. Конференция барысында «Жетісу қазақтарының мәдениеті», «Үйсін мемлекетінің дәстүрлері», «Ұлы жібек жолындағы Талғар қаласы», «Қазақ тайпаларына байланысты жер-су атаулары» деген сияқты  түрлі   тақырыптарда   баяндамалар жасалады деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе