«Жас ұландықтар» ұшудан емтихан тапсырды

Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Астана қаласы «Авиациялық оқу орталығының» «Жоламан» аэродромында ТЛ - 2000 ұшағымен емтихандық ұшулар тапсырды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Ұшулар барысында мектеп тәрбиеленушілері ТЛ - 2000 ұшағында алғашқы ұшу даярлығы бағдарламасы бойынша емтихандық ұшулар тапсырады. Курсанттардың дайындығына бас директор Ризабек Әжекенов, авиациялық қызмет және авиациялық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Құбат Қадыралиев, ұшулар жетекшісі Жанат Ахметов, сондай-ақ авиациялық орталықтың ұшу және инженерлік-техникалық құрамы қатысуда. «Мектеп тәрбиеленушілері екі ай бойы 30 сағат ұшуды орындады. Дайындық деңгейі бойынша олар қазірдің өзінде азаматтық жүйедегі жеңіл авиация ұшқыштарына сәйкес келеді», - деп атап өтті авиациялық оқу орталығының бас директоры Ризабек Әжекенов.

Оқу-жаттығулардың нәтижесі бойынша түлектерге тиісті сертификаттар тапсырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе