Ақтөбеде «Балапан» бағдарламасы аясында екі балабақша ашылды

Ақтөбеде «Балапан» бағдарламасы аясында екі балабақша ашылды, деп хабарлайды strategy2050.kz. «Айлин» балабақшасы Батыс-2 ауданы (320 орын) және № 47 «Нур-Ай» балабақшасы Заречный-4 тұрғындар алабы (150 орын) ашылу салтанаты өтті.

«Үш қабатты «Айлин» мектепке дейінгі ұйымы заманауи талаптарға сай және тәрбиеленушілерге жоғары деңгейдегі жағдай ұсынатын жобамен жасалған. Жалпы алаңы -3714,6 шаршы метр, 320 орындық бұл ғимаратта 12 топ қамтылады», - делінген хабарламада.

№47 «Нұр-Ай» мектепке дейінгі ұйымы Заречный-4 тұрғын алабында «Балапан» республикалық бағдарламасы аясында ашылады.

Екі қабатты жаңа үлгідегі, заманауи талапқа сай салынған №47 «Нұр-Ай» мектепке дейінгі ұйымы - 150 орындық, жалпы алаңы - 2100,0 шаршы метр. Балабақша құрлысына бюджеттен-337,5 млн. теңге жұмсалған. Балабақшада 25 тәрбиеленушіден 6 топ құрастырылады.

Бұл мектепке дейінгі ұйым аптасына 5 күндік және 10,5 сағаттық тәртіппен жұмыс жасайтын болады.

Жаңа балабақшалардың ашылуы 130 жұмыс орны мен 450 бүлдіршінді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мүмкіндік береді.

«Балапан» республикалық бағдарламасы аясында балабақша құрылысына көп көңіл бөлініп, мектепке дейінгі ұйымдардың ескі ғимараттары қайтарылып, сонымен қоса мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік те дамуда.

2014-2015 жылдарда 905 орындық мемлекеттік тапсырысты орындаған 10 жеке балабақша ашылған болатын. Жыл соңына дейін Заречный-1 тұрғын алабынан 150 орындық және «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданынан 320 орындық балабақшалар ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда физика-математика мектебінің ғимараты 240 орындық мектепке дейінгі ұйымға арналып қайта жөнделуде. Нысан 1 қыркүйекте беріледі. Сонымен қоса, «Күзет» ғимаратына да 240 орындық балабақшаға арналып жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде тек осы жылы 5000 бүлдіршін мектепке дейінгі ұйыммен қамтамасыз етіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе