Діни экстремизм таралуының басты себебі – білімсіздік

Діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың таралуының басты себебі білімсіздікте жатыр. Бүгін дінтанушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтану магистрі Елнар Берікбаев №97 мектепте болған түсіндіру жұмыстары барысында осылай айтты, деп тілшісі.

Ұстаз ұғынықты тілмен 47 баланың алдында псевдодіни ағымдардың қаупі туралы айтты. Отырыс басында алдымен Ниццадағы, Англиядағы терактілердің суреттері көрсетілді. Одан кейін әңгіменің төркіні Қазақстандағы терактілерге ойысты. «Терроризм – жаһандық проблема екенін көрсеткім келді. Қазір қаншама адам осының кесірінен тағдыры талқан болып түрмелерде жатыр. Бұрын мұндай жағдай кеңес одағы кезінде болмаған еді. Өйткені ол кезде газеттер, телеарналарда идеологиялық саясат мықты болатын. Қазір көпшілікті ғаламтор баурап алған. Адамдарды теріс ағымға түсіру интернет, әлеуметтік желілер арқылы жүреді. Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің ВКонтакте желісіндегі парақшасында экстремистік бағыттағы ақпаратты таратқаны үшін ер адам сотталып кетті. Сендер тек өздеріңе ғана емес, айналаңдағы сыныптастарың, таныстарыңды да бақылап жүрулерің керек. Сіздерді бір ой мазаласа, бөлісіңіздер. Жалғыз емессіздер. Бұл іске тұтас қоғам болып атсалысады. Біздің ең алдымен ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, дүниетанымымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет қылатын идеологиямыз басты орында болуы тиіс. Сіздер санғасырлар бойы қалыптасқан қазақ ұлтының ұрпағысыздар. Біздің елде конфессияларалық келісім орнаған. Ол да – біздің құндылықтарымыздың бірі», - деді Елнар Берікбаев. Кездесу соңында ұстаз оқушыларға статистикалық деректерді көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе