Ферғанада қазақ-өзбек мәдени-білім беру орталығы ашылды

– Өзбекстандағы Ферғана мемлекеттік университетінде алғашқы қазақ-өзбек мәдени-білім беру орталығы ашылды, деп . Орталықтың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты. Халықаралық байланыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ақбота Жолдасбекова интернационалдандыру және Орталық Азия ЖОО-ларының өңірлік ынтымақтастығының келешегі туралы өзекті мәселелерді қозғады. Ал Ферғана мемлекеттік университетінің ректоры Әлішер Хаитбаев Өзбекстанда тұңғыш ашылған орталық Қазақстанның ғылым-білім саласымен өзара әрекеттестікті кеңейту және бауырластық өзара қарым-қатынасты қолдау үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Айта кетейік, ЕҰУ осыған ұқсас мәдени-білім беру орталықтарын бұған дейін Иран, Түркия, Қытай, Беларусь және Пәкістанда ашқан болатын. Ондағы негізгі мақсат – шетелде қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау, сондай-ақ өзге ел педагогтары мен студенттерін Еуразия ұлттық университетіне шақыру.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе